lat: FılmOSKOP
зат. Бейнетаспадағы сурет кескіндерін көрсететін арнайы аспап.
Мен өз сабағыма көптен осы фильмоскоп арқылы диафильмдерді пайдаланып жүрмін («Қазақст. мект.»).
Фильмоскоп арқылы көрсетілген қысқа метражды фильм қандай мамандыққа болсын шын берілгенде істің жемісті де тиянақты болатынын баяндайды («Қазақст. әйелдері»).