lat: Fılologıa
зат. Жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихын, жалпы халық мәдениетін (тіл мен әдеби шығармалар арқылы танылатын байлығын) зерттейтін тіл мен әдебиет ғылымдарының жиынтық аты.
Филология ғылымы әдебиеттің өзіндік мәселелерін қарастырумен бірге, оның тілдік, сөздік ерекшеліктерін зерттейді (Әдеб. терм. сөзд.).
Қоғамдық пәндерден мамандарды тарих, филология, экономика, философия, заң және басқа факультеттер дайындайды (Семья тәрбиесі).
Филология ғылымдарын жоғары дәрежелі оқу орны программасы көлемінде оқып, білімін толықтыруды өзіне міндет етіп қояды («Қазақст. мект.»).
Мәтін филологияның алғашқы нақты негізі болды, оның дамуына философия елеулі ықпал етті. Филологияның ішкі құрылымы екі жақты қарама-қарсылыққа негізделген: бір жағында – нақты мәтіннің қарапайым қызметі, екінші жағында – шегі дәл белгісіз оның жалпы қызметі (Саяси түс. сөзд.).