ФИТОЦЕНОЛОГИЯ

lat: Fıtosenologıa

[фитоценоз және грек. logos ілім] зат. биол. Геоботаниканың және биогеоценологияның бөлімі.

Фитоценология өсімдіктер қауымдастықтарын, олардың құрамын және географиялық таралуын зерттейді (ҚҰЭ).

Оның негізгі мақсаты тек табиғи фитоценозды ғана емес, сондай-ақ адам қолымен жасалған фитоценозды (мыс., агрофитоценоз) зерттеу болып саналады. Фитоценология өсімдіктер қауымдастығын зерттеу үшін жылжымалы және тұрақты тәсілдерді, сондай-ақ эксперименттік және математикалық әдістерді, оның ішінде математикалық модельдеу әдістерін де қолданады (ҚҰЭ).