ФАБРИКА

lat: FABRIKA

[лат. fabrica] зат. экон. Шикізатты техникалық тәсілмен өңдейтін өнеркәсіп орны.

Фабрика мен зауыттың арасында экономикалық тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын (ҚҰЭ).

Бұл айтылып өткен фабрика Реште қаласындағы Қазбени деген байдың үш фабрикасының бірі (С.Шарипов, Бекболат).

Жадыралар Қарғалы өзенінің оңтүстік батысына таман осы күнгі Шұға фабрикасының батыс жағындағы Майбұлақ деген жерге қонады (С.Бегалин, Сахара.).

Фабрика жылына екі жүз мың пар аяқ киім шығарып, мемлекетке бір жарым миллион сом пайда түсіреді екен (Қ.Жұмаділов, Саржайлау).