lat: FAHVERK
[нем. Fachwerk; Fach – қада тақтай, Werk – құрылыс, жүйе] зат. сәулет. 1. Құрылыс сыртынан салынатын қорғаныш конструкцияның қаңқасы.
Фахверк көбінесе қада-тіреу, кей жағдайда көлбеу таяныш түрінде қойылады (ҚҰЭ).
2. Каркас үй қаңқасының бір түрі.
Мұндай үйлердің фахвергі көлденең, тік немесе көлбеу қағылған ағаш қадалар мен арасы балшық пен кірпіш толтырылған тіреуіштерден тұрғызылады (ҚҰЭ).