lat: FAI
зат. діни. Барлық кіріс атаулының түрі, мұсылман қауымының бейбіт жолмен басқа діндегі адамдардан алған мүліктері, түрлі алым-салық табыстары.
Жаулап алу кезеңдерінде фай соғыс олжасы деп есептелмеді (Ислам энц.).
Оның ішінен кез келген табыс көздері сияқты белгілі мөлшерін бөліп тастап, қалғанын бүкіл жауынгерлерге тең етіп бөліп береді. Кейінірек жалақы төлеу және салық салу енгізілгеннен кейін жағдай өзгерді. Тіпті 8 ғасырдың аяғында-ақ дінбсылары фай дегенді басқа діндегі халықтардан алынатын алым-салық ретінде түсіне бастады (Ислам энц.).