зат. Қолжазба, қолтаңба, құжаттардың түпнұсқаларының фотографиялық не баспа әдісімен алынған дәл көшірмесі.
Факсимиле түпнұсқаға теңестіріледі, факсимилемен қуатталған қолтаңба мен құжаттардың, әдетте, заңды күші болады (Қаз. тілі термин. Экономика.).