ФАРФОР

lat: FARFOR

зат. 1. Ақ балшықтың ең таңдаулы түрінен жасалатын, су мен газды өткізбейтін минералды қоспа.

Ондай саз керамика, фарфор өндірісіне іздесе таптырмайтын ырыс көрінеді (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.).

Фарфордың механикалық беріктілік, температураға, қышқылдарға төзімділік, электр оқшаулағыштық т.б. қасиеттері жоғары. Сондықтан ол тоттануға төзімді химиялық қондырғыларды, жоғары сапалы ыдыстарды, көркем, сәндік, электртехникалық, радиотехникалық және санитарлық-техникалық бұйымдарды жасау үшін пайдаланылады (ҚҰЭ).

Қазақстанда фарфор бұйымдары Қапшағай қаласындағы “Кнауф гипс ҚапшағайЖШС-де және Ақмола облысында шығарылады (ҚҰЭ).

Пештің алдында сынған фарфордың титімдей үгіндісі жылтырайды (Р.Тоқтаров, Ертіс.).

2. Осындай қоспадан істелген ыдыс-аяқ, түрлі бұйым.

Кітап қоюға арналған этажерканы алуан түрлі фарфор мен фаянс ыдыстармен толтырып қойыпты (М.Қаратаев, Далада.).

Әйел заты болған соң, оның ойында сервант толы қымбат сервиздер мен хрусталь, түрлі түсті фарфорлар елестеп, кей түндерді ұйқысыз өткізетін («Қаз. әдеб.»).