ФАСОЛЬ

lat: FASOL

зат. бот. Бұршақ тектес бір жылдық бақша өсімдігі, сондай-ақ осы өсімдіктің дәні.

Мынау үйректің еті, фасоль, картоп, корнеплод гарнилерімен (Б.Момышұлы, Шығ.).

Адам баласы тағамға бұршақтың фасоль, ас бұршақ, жасымық және соя деген түрлерін пайдаланады (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).

Дәні ақ, ашық түсті, шұбар болып келеді, бұршақ негізінен гарнирге пайдаланылады. Кавказ халықтары фасольдан түрлі тағам дайындайды (Шаңырақ).