lat: FAZA
[грек. phasis] зат. 1. Жанды заттың не құбылыстың дамуындағы белгілі бір кезең, күй, қалып.
Ғалым Шолпан планетасының фазаларын анықтап, Күн бетінде дақтар бар екенін ашып берді («Соц. Қаз.»).
Осы тербелістегі бөлшектер бір сәтте бірдей фазада болса, бірдей толқып толқын тудырса, онда мұндай нүктелер жиынын фронт деп атайды (А.Қалығұлов, Жарық.).
Гипертония ауруының кезеңдері мен фазаларын айыра біліп дәрілер мен басқа да емдік заттар жазып береді (Р.Сәтбаева, Гипертония.).
2. Қоғамның тарихи дамуындағы белгілі бір дәуір.
Коммунизмнің ең жоғарғы фазасында еңбек адамының бірінші өмірлік қажетіне айналады (3.Ақназаров, Ғылыми атеизм.).
Бұл кезде Россияда капитализм бүкіл дүние жүзіндегі сияқты дамудың жоғарғы және ақырғы фазасына– империализмге енген еді (Қаз.ССР тарихы).
Коммунистік қоғамның жоғары фазасында «әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге – керегіне қарай» дейтін принцип жүзеге асырылады («Соц. Қаз.»).
3. тех. Генератор орамдарының жеке тобы.
4. инф. Тапсырманы өңдеу кезеңі.