lat: FAZOMETR
зат. физ. Екі электрлік тербелістің фазалар айырымын немесе электр тізбегіндегі ток күшінің жоғары мәндеріндегі қуат коэффициентін өлшеуге арналған аспап.
Ол энергетикада, электртехникада, радиотехникада, т.б. қолданылады. Фазометрдің негізгі өлшеуіш механизмі – логометр. Фазометрдің электрдинамикалық, ферродинамикалық, ферромагниттік, магнит электрлік және электрондық түрлері бар (ҚҰЭ).
Электр өлшеуіш тетігі бар фазометрдің көрсетулері электрлік тербелістердің жиілігіне байланысты (ҚҰЭ).