lat: FENOL
зат. хим. Бензолмен тікелей байланысқан гидроксил тобы бар органикалық қосылыс.
Смола суын өңдесе, одан сірке қышқылы, метил спирті, аммиак газы және фенол сияқты заттар алуға болады (Т.Таубаев, Жасыл әлем.).
Бакалитті алу үшін негізгі қажеттісі – фенол, ол көмірді кокстеу кезінде алынатын өнім (Н.Нұрахметов, Дарқан – хим.).
Фенолды хош иісті күкіртті қышқыл тұздарын балқыту, диазоний тұздары арқылы аминдерден, т.б. алады. Фенол мен крезолды таскөмір шайырларынан бөледі (ҚҰЭ).