lat: FENOMEN
[phainomenon] зат. 1. филос. Объективтік шындықты қамтымай, тәжірибеде, сезімдік тануда берілген құбылысты білдіретін философиялық ұғым.
Философия тарихында феномен ұғымы адамның пайымдау тәжірибесіне сай: мән мен идеяның көрінісі (неоплотонизм, Лейбниц, Шеллинг, Гегель); құбылыстар әлемімен шектеулі танымдық шындық; сезіммен, психол. ассоциациямен ұштасатын субъективті түйсік (ҚҰЭ).
2. ауыс. Өмірде сирек кездесетін, ерекше жаралған, көрнекті адам, не бір ғажап таңғаларлық нәрсе.
Амурскийдің сипаттауынша, Банзаров Сібірдегі ғалымдардың ең биігі, ол барып тұрған феномен (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Мен, тіпті, дәл Исадай суырып салма ақын бұрын да болды ма екен деп күдіктенем, феномен еді ғой, шіркін! (Қ.Байсейітов, Құштар.).