lat: FERMA
зат. [лат. firma] 1. Ауылшаруашылығының мал өсірумен шұғылданатын бөлімшесі.
Шапқыншы жақындай берді, төртінші ферманың қойшысы Берден екені де танылды (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
Ферманың Сарторғайдан салған көңін,
Ұнатып көппен көріп шыққан шөбін.
Жерұйық, қырдың Сыры қалың тоғай,
Тебінмен өткізетін қыстың көбін (О.Шипин, Дастан).
Мектептен соң алыпты да комсомолдық жолдама,
Сауыншы болып келіпті осы ауылдағы фермаға (М.Шаханов, Ғасыр.).
2. Капиталистік қоғамда жеке адамдардың өз жерінде не жалға алған жерде жүргізетін жеке меншікті ауылшаруашылық кәсіпорны.
Ауыл шаруашылығы бағыты мен мамандандырылуына сәйкес әртүрлі мал ұстауға бейімделген фермалар құрылды. Мысалы, сиыр фермасы, қой фермасы, жылқы фермасы, шошқа фермасы, түйе фермасы т.б. (ҚҰЭ).