зат. хим. Жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент.
Фермий изотоптары торий, уран, плутонийді неон, оттек немесе көміртек ядросымен сәулелендіру және калифорнийді ядролық реакторларда нейтрондармен сәулелеу кезінде түзіліп, сорбц. және экстракц. әдістермен бөлініп алынады (ҚҰЭ).