lat: FIDEIZM
[лат. fіdes – сенім] зат. филос. Әлемді рационалды тұрғыдан түсінетін ақыл-ойдан діни сенімді, осы негізде табылған шындықты жоғары қоятын философиялық ағымның жалпы атауы.
Қазіргі фидеизм өкілдері ғылым мен рационалдық ақыл-ойды мойындай отыра, сенім мен діни сананы болмыс пен адам өмірінің басты сұрақтарына жауап табатын, ақылақтық негіз деп біледі (ҚҰЭ).
Фидеизм ұғымы рационалистік бағыттағы неотомизм сияқты философиялық жүйелерде де көрініс табады (ҚҰЭ).
Өйткені ол ғылыми көзқарасты қалыптастыру, идеализмге, фидеизмге қарсы күрес діни қалдықтарға қарсы күреспен тікелей байланысты (Қ.Шүлембаев, Ислам діні.).