ФИЛОГЕНЕЗ

lat: FILOGENEZ

[грек. phylon туыс, тайпа және …генез] зат. Жалпы тірі организмдердің және олардың жеке жүйелік топтарының (тип, бөлім, класс, отряд, қатар, тұқымдас, т.б.) тарихи дамуы.

1866 ж. филогенез терминін Э.Геккель енгізген (ҚҰЭ).

Филогенез және оның заңдылықтарын зерттейтін биологияның бір бөлімі филогенетика деп аталады (ҚҰЭ).