ФИНАНС

lat: FINANS

зат. Қаржы (халық шаруашылығы айналымының элементі болып табылатын ақша қаражаты).

Ол көмір тресі бастығының бірінші орынбасары болып тұрған кезінде финанс мәселесін тез тәртіпке келтіріп, дұрыс жолға қойды (К.Әміров, Өшп. жұлдыз).

Францияның президенті генерал де Голь кеше радио мен телевизия арқылы сөз сөйлеп, елдің экономикалық және финанс жағдайына талдау жасады («Соц. Қаз.»).