lat: FITOSENOZ
[фито… және ценоз] зат. биол. Өсімдіктер қауымдастығы – құрлықтың біртекті телімдерінде орналасқан, өзара және сыртқы ортамен тығыз әрекетте болатын өсімдіктер жиынтығы. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады.
Фитоценоз – ашық биологиялық жүйе, яғни, адам мен гетеротрофты жануарларға қажетті органикалық зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады (ҚҰЭ).