ФЛЮС

lat: FLÚS

[нем. Flus ағын, ағыс] зат. кен. Домна пешінің шихтасына бос жыныстардың балқу температурасын төмендету және күл мен күкіртті қож түрінде ығыстыру үшін қосылатын минералды заттар.

Флюс тау жыныстарымен және отын күлімен қосылып қож түзеді. Қождың салмағы жеңіл болғандықтан, металл қорытылғанда сұйық қорытпаның не металдың жоғарғы қабатында тұрады да металды газ бен ауадан қорғайды (ҚҰЭ).