lat: FLÝKTÝASIaÁ
[лат. fіuctuatіo – үздіксіз қозғалыс, тербеліс] зат. физ. Физикалық шамалардың (бақыланатын мәндері) өздерінің орташа мәндерінен кездейсоқ ауытқуы.
Бұл құбылысты зерттеудің принциптік маңызы бар. Өйткені ол термодинамикалық ұғымдар мен заңдылықтардың қолдану шегін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге флуктуация – көптеген физикалық процестерге тән құбылыс (ҚҰЭ).