lat: FLAGMAN
зат. 1. Соғыс кемелері құрамасының, эскадраның қолбасшысы.
2. Әуе немесе теңіз флотындағы жетекші ретінде есептелетін ең ірі кеме, сондай-ақ белгілі бір аймақтың флотындағы ең үлкен және ең әдемі корабль.
Сондай-ақ флагман кеменің қысқартылған аты (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Жания менің тоқтау салған сөзіме де құлақ қоймастан, мойнымнан сырғи түсіп, флагман пароходына жүгірді (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).
3. ауыс. Белгілі бір өндіріс саласындағы кәсіпорындарының ең үлкені, ең басты орындағысы.
Қазақстанның қара металлургиясының флагманы деп атап кеткен Қарағанды металлургия комбинатымен жақсы танысқысы келген запорожьелік достар да Алтынбекке бірталай сұрақтар қойды (Қ.Мыңжанов, Шыңдал.).
Қазақстан жеңіл өнерәсібінің флагманы Алматы мақта-мата комбинаты бір күнде үш жүз елу мың метр мата тоқып шығарады екен («Қаз. әдеб.»).