ФЛОТ

lat: FLOT

зат. 1. Белгілі бір теңіздегі немесе өзен, әуе алабындағы әскери не сауда кемелерінің жиыны.

Балтық флотының матросы Алексейдің рөлінде ойнаған Тұрысжан Айнақұловтың ойыны да айтуға тұрарлық («Қаз. әдеб.»).

Өзен менен теңіздің,

Жанды сөнбей бір оты.

Қолын созды Волховқа

Батыр Балтық флоты (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Осындай дауылды күні рефрижератор флотқа толқынмен алысып әзер жетті («Лен. жас»).

2. Соғыс-теңіз кемелерінің ірі құрамасы.

3. Кейбір мемлекеттердегі (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, т.б.) тактикалық құрама. Екі немесе одан да көп эскадралардан (немесе дивизионнан), сүңгуір қайықтардан, эскадралы миналы кемелерден, ракеталық немесе торпедолық катерлерден, тралшылардан, сонымен бірге басқа да кемелерден тұрады (ҚҰЭ).

4. Кейбір мемлекеттердегі (Франция әскери-теңіз күштері, т.б.) атомды ракеталық стратегиялық мақсаттағы сүңгуір қайықтарының оперативтік бірлестігі.

5. Кәсіптік, экспедициялық немесе спорттық кемелердің құрамасы.