ФОБ

lat: FOB

[ағылш. FOB free on board бортта азат, франко-борт] зат. экон. Халықаралық саудада тауарды жеткізу мен ақысын төлеу, оның бағасында тасымалдауға, жүк тиеу-түсіруге жұмсалған шығынды есептеу тәртібін айқындайтын жағдай; тиелген және жөнелтуге дайын тауардың бағасы.

Фоб шарттарында сатылатын жүктің кеме бортына жеткізілген сәтке дейінгі жай-күйі, оның зақымдануы мен ысырабы үшін сатушының жауапкершілігі көзделеді, мұның өзі сатушы екінші тараптан алатын құжатта таза коносаментте көрсетіледі. Ал сатып алушының міндеттемесінде кемені жалдау, онда жүкке қажетті орынды қамтамасыз ету, сатушыға кеме келетін мерзім мен порт туралы уақтылы хабарлау, сатушы ұсынатын шоттар мен коносаменттің орнына уағдаласылған нысанда төлем төлеу қамтылады (ҚҰЭ).