lat: FOND
зат. Қор. 1. Нақты бір мақсатқа арналған, жиналған, сақталған қаржы.
Қостанай облыстық халық ағарту бөлімі 32,7 мың сом мөлшеріндегі фондының жартысын ғана іске жаратты («Қазақст. мұғ.»).
2. Бір нәрсенің жиналған топтамасы.
Бұл кітап Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының фондысында сақтаулы («Мәдениет және тұрмыс»).
Кітапханада ағылшын, неміс, француз тілдерінде сирек кездесетін ғылыми еңбектердің фотокөшірмелері, микрофильмдер фондысы да жеткілікті («Қазақст. мұғ.»).