lat: FONEMA
зат. лингв. Сөздің мағынасы мен тұлғасын түрлендіре алатын тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік.
Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны (көрнекі дыбысты) фонема деп атаймыз (Қазіргі қаз. тілі).
Адыгей тілінде 3 дауысты, 60-ден аса дауыссыз фонема, 4 септік жалғауы бар (ҚСЭ).
Фонеманың айтылым белгілері оның сөздегі орнына, сөйлеу қарқынына т.б. фонетикалық шарттарға байланысты түрлі-түрлі болады (Қаз. тілі. энц.).