ФОНЕТИКА

lat: FONETIKA

зат. лингв. 1. Тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Тіл білімінің күрделі саласының бірі фонетика («Қазақст. мект.»).

Тілдің фонетика саласын программа бойынша өту барысында фонетикалық талдау да бір ізділікпен күрделене түседі (Бұл да).

2. Тілдің дыбыстың құрылымы, дыбыстың құрамы, артикуляциясы, акустикасы, перцепциясы.

Сөйлеу мүшелері, дауысты, дауыссыз дыбыстар, буын, сөз просодиясы, интонация фонетиканың негізгі құрамды бөліктері болып табылады (Қаз. тілі. энц.).

Фонетика дыбыстардың жасалым (артикуляциялық), айтылым (акустикалық) және естілім (перцептикалық) белгілерін зерттейді. Фонетика тілдегі дыбыстарды төрт түрлі тұрғыдан қарастырады: қызметі, жасалымы, айтылымы және естілімі (Қаз. тілі. энц.).