lat: FONTAN
[лат. fons] зат. Сәулет өнерінде негізі ғимарат төңірегіне салтанатты сипат беру, әрі ауаны жақсарту мақсатымен орнатылатын су ататын қосымша құрылыс.
Бақтың ортасында аспанға атып, иіліп барып арнасына қайта құлап жатқан фонтан (С.Мұқанов, Саяхат.).
Тіпті, атылып жатқан фонтан сулары да жаңа ғана көз тауып, жер бетіне шыққан жас бұлақ, секілді көрінді (С.Мәуленов, Жер нәрі).
Оларды бір фонтанның жанында шұбыртпалы Ағыбай батыр мен Саржанның он тоғыз жасар ұлы Ержан күтіп тұр екен (I.Есенберлин, Қаһар).
Жарқ етті Қостанайда жан талабы,
Ахметті көрген адам тамсанады.
Астана көпірінде қос жолбарыс,
Ашқандай ел ажарын, қарсы алады.
Елорда ашық алаң төріндегі,
Не деген таңғажайып өмір еді!
Бір бала көп фонтандар арасында
Кішкентай Төлеш болып көрінеді (К.Салықов, Жезкиік).
Жеті қат жер астынан су келтіріп,
Фонтаннан күміс суды сарқыратты.
Бұрынғы өтіп кеткен бай, манаптар,
Көрген жоқ бұл сияқты рақатты (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).