ФОРЕЛЬ

lat: FOREL

зат. зоол. Тау өзендері мен көлдерінде тіршілік ететін, албырт тұқымдасына жататын кішгірім қызыл жолақты балық.

Бұлақ форелі Алматы түбіндегі балық шаруашылығында өсіріледі. Ұзындығы 25–30 см, массасы 200–500 г. (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

1969 жылы март айындағы су тасқынында Шелек және Бартоғай су бөгеттерінің бұзылуына байланысты Іле өзеніне бірнеше мың карп, дөң маңдай, форель балықтары ауысқан еді (М.Тайыров, Балқаш.).