ФОРМАЛДЫЛЫҚ

lat: FORMALDYLYQ

зат. Қабылданған тәртіп тұрғысынан қажетті бір істі орындауда сырттай ұсақ-түйегіне дейін түп-түгел тізушілік.

Соның бәрі формалдылық дегенге жаны қастығын да, ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтындығын да көрсетсе керек (Қ.Байсейітов, Құштар.).

Бірқатар комсомол ұйымдарының жұмысына формалдылық, бірсарындылық тән («Лен. жас»).