lat: FORMAT
зат. 1. Кітаптың, журналдың көлемі, пішімі, мөлшері.
Әр сериядағы кітаптар бір үлгімен безендіріледі, яғни ішкі-тысқы суреттері әр түрлі болғанымен форматы, мәнерлеу тәсілі бірыңғай келеді («Қаз. әдеб.»).
2. инф. Компьютер жадында немесе басқа мәлімет сақтау құрылғыларында ақпараттарды бейнелеу, орналастыру тәсілі.
Формат компьютер жадында, машиналық жазбаларда, файлдарда символдарды, кодтарды, жалпы мәліметтік элементтерді орналастыру барысында олардың саны мен реттілігін анықтайды (ҚҰЭ).
Формат құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктерімен немесе ақпараттың өрнектелу сипатымен анықталады (ҚҰЭ).