ФОТО

lat: FOTO

зат. 1. Фотосурет, фотографиялық жолмен түсірілген сурет.

Оны біз де қимаймыз, деді мистер Кришнаратнам. Біз мұны өшірер алдында бояулы фотоға түсіріп аламыз (Т.Ахтанов, Үндістан.).

Естай бір күні Асяның альбомдарын ақтарып отырып, бейтаныс сұлу жігіттің фотосын тауып алды (Т.Әбдіков, Ақиқат).

2. <грек. phos, photos жарық> Жарыққа қатысы бар күрделі сөздердің бастапқы бөлігі.