lat: FRESKA
зат. Дуалға, қабырғаға сылағы кеппей тұрғанда салынатын сырлы сурет, кескіндеме.
Тассали фрескасындағы осы сияқты көріністер біздің жыл санауымызға дейінгі бесінші және төртінші мың жылдары арнасы толы өзендер және құнарлы жері бар Сахараны көз алдымызға әкеледі (Т.Омаров, Күн.).
Тау үңгірлерінде табылған фрескаларды кейінгі дәуірлердегі ұлы суретшілердің теңдесі жоқ туындыларымен салыстыруға болады («Қаз. әдеб.»).