ФАНТАСТИКА

lat: FantasIKA

[грек. Phantastіke қиялдай білу өнері] зат. әдеб. Қиялдан шығарылған бейне, яғни табиғи қалыптан тыс, ой елестету арқылы әсірелеп бейнеленетін шығарма.

Ол ерте заманда қиял-ғажайып ертегілерден, мифологиялық шығармалардан көрінген (Гомердің “Одиссеясы”, шығыс халықтарының “Мың бір түн” ертегісі, қазақ халқының “Ер төстік”, т.б. ертегілері). Кейіннен, ғылым мен техниканың дамуына байланысты қазіргі фантастика пайда болды (ҚҰЭ).

Егер қиял-ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс-салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі (М.Ғабдуллин, Қаз.ауыз. әдеб.).

Қазіргі фантастика әлем туралы жаңа түсініктермен жан-жақты байып келеді (3.Серікқалиев, Ақыл.).