ФАРМАКОЛОГИЯ

lat: Farmakologıa

[грек. pharmacon дәрі және logos ілім] зат. мед. Адам ағзасына әртүрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәріәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым.

Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мыс., физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды (ҚҰЭ).

Ғылым мен техниканың, қоғамдық прогрестің өркендеген дәуірінде фармакология ғылымының да өскелең мүмкіндіктері ашылып отырғаны аян («Мәдениет және тұрмыс»).