ФАСИЛИТАЦИЯ

lat: Fasılıtasıa

[ағылш. facilitate себепші болу, жеңілдету, көмектесу] зат. пед. Басқа адамның белсенді қатысуымен бір адамның немесе топтың іс-әрекетін жеңілдету процесі.

Фасилитацияға қарама-қарсы ұғым ингибиция. Фасилитация еріксіз кездейсоқ және арнайы ерікті болуы мүмкін. Егер оларды бала қабылдаса, балаға қатысты фасилитатор рөлінде ересек адамдар болуы мүмкін (ата-аналар, тәрбиешілер, оқытушылар) (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Ал қабылданбаса, олар ингибитор рөлін атқарады. Фасилитация процесі феномен топтарға психотерапия және психологиялық жәрдем ретінде пайдаланылады. Бұл жерде фасилитатор жетекші функциясын атқарып, емделушілерге көмек көрсетеді. Фасилитация дағдылары практикалық психолог, психотерапевт, психиатрдың міндетті түрде белгіленген дағдылары болуы тиіс (Қаз. тілі термин. Педагогика.).