lat: Federatıvti memleket.
саяси. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.
Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан: 1) территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика); 2) ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан): 3) аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария) (Саяси түс. сөзд.).