ФЕЛЬЕТОН

lat: Feleton

зат. әдеб. Көркем әдебиеттегі сықақ сайқымазақ жанры.

Сөйтіп әңгіме бір сабақ жіптен шығып кетті де, аяғы фельетонға ұласты (А.Тоқмағамбетов, Шәңгек).

Қазақ жерінде алғаш 20 ғ-дың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды (ҚҰЭ).

Маскүнем Сейіттің әлгі аталған оңбағандық іс-қылықтарын қатырып фельетон етіп жазуымды өтінеді (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).

Ғұлама дәрігер ғалымға сіз жазатын кішкентай ғана фельетоннан бір күн ішінде он кісінің соқыр ішегін кесу әлдеқайда оңай көрінеді (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.).