ФЕСТИВАЛЬ

lat: Festıvál

[ағыл. festival] зат. Көркемөнердің әр алуан түрлеріне байқау жүргізе отырып, оларды көпшілікке көрсететін сауық, қоғамдық мереке.

Менің кітабымның эпилогында 1951 жылы август айында Берлинде өткен фестиваль сөз болмақ (Қ.Исабаев, Соңғы.).

Фестивальдың алғаш өмірге келу тарихы ежелгі гректердің олимпиялық т.б. ойын-сауықтарынан, ортағасырлық трубадурлар мен миннезингерлер жарысынан басталады. 18 ғасырдың соңына қарай фестивальдар Еуропа елдерінде (мыс., Швейцарияда) салтанатты шерулер, белгілі бір тарихи оқиғаларға арналған көпшіліктің қатысуымен өткен театрлы-сахналық ойындар түрінде кең тарады. 1876 жылдан Байрейт қаласында композитор Р.Вагнердің опералары бойынша муыкалық театр фестивалі ұйымдастырыла бастады (ҚҰЭ).

Осының ғажайып айғағының бірі 10 июньнен 16 июньге дейін Қазақстанда өтетін СССР халықтары өнерінің фестивалі (I.Омаров, Серпін).

Алдағы айда Чехословакияда совет-чехословак жастары достығының екінші фестивалі өтетін көрінеді (С.Хайдаров, Жүрек.).