lat: Folıkýlıt
[follіculіtіs; лат. follіculus – қалта және іtіs – қабыну] зат. мед. Шаш фолликулаларының іріңді қабынуы.
Фолликулитті стафилококк микробтары қоздырады. Ауру терінің шаң не маймен ластануынан, жеңіл жарақат салдарынан, терінің қажалуынан, тітіркенуінен, сондай-ақ организмде зат алмасу процесінің бұзылуынан, витаминдер (А, С) жетіспеушілігінен, қышыма тері ауларының (қотыр, экзема, нейродермит, т.б.) салдарынан дамиды (ҚҰЭ).