lat: Formaldy logıka.
Ой формаларын ұғымды, пайымдауды, ой түйіндеуді, дәлелдеуді логикалық құрылымдық жақтан, яғни ойдың нақты мазмұнына мән бермей және осы мазмұн бөліктері байланысының тек жалпы тәсілін жіктей отырып зерттейтін ғылым.
Формалды логиканың негізгі мақсаты – ақтық білімді алу процесінде ақиқат қорытындыларға жетудің қажетті шарты болып табылатын заңдарды, принциптерді тұжырымдау (ҚҰЭ).
Формалды логика силлогистиканы талдаған Аристотель еңбектерінен бастау алады (ҚҰЭ).