Французша күрес

lat: Fransýzsha kúres

спорт. Грек-рим, классикалық күрес түрінің ХХ ғ. 30-жылдарындағы кезеңдік атау.

XIX ғасырдың соңында французша күресті: «Бұл өнер емес, еріккеннің ермегі ғана. Ал шын мықты болсаңдар, ережесіз айқасайық», - деп джиу-джитсудың шебері Саракики айқай салғанда, талай білекті жігеттер тайсалып қалған («Жас Алаш»).