lat: GÚL /207/
зат. 1. Түрлі түсті, хош иісті, үлбіреген гүлі бар өсімдіктердің жалпы аты .
Ерке өзен жатушы еді қағып күлім,
Естуші едік біз оның нәзік үнін.
Әуес қой бала жаны әрнемеге
Таласа жұлушы едік дала гүлін (1,69).
Шалғын мынау бұйра шашын таранған,
Сары, жасыл, қызыл гүлдер – сан алуан.
Самалдатып сағым ақса аулақта,
Сағым болып теңселеді тау, орман.
Барлығы да сүйісуден жаралған (1,236).
2. Сол гүлді өсімдіктерден үзіп алынған гүл шоғыры .
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем,
Барғанда маған ылғи гүл беруші ең.
Жалт етіп жай отындай көкжиектен
Әттең-ай, маған енді бір көрінсең! (1,212).
Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың? (3,213).
3. ауыс. Өмірдің сәні, көркі д.м .
Сен – гүлімсің .
Қарағым, сені кім еккен?
Сезімбісің? Шыққансың қандай жүректен!
Жанарда тұрған жалғыз тал әлде тамшы ма ең?
Жалт етіп бірде кірпіктен ырғып, дір еткен?! (1,154).
Майгүлім, гүлім менің, көгім менің!
Жүрегін қияр дейсің өлімге кім.
Сен – менің жүрегім ең.
Дегенменен, елессің, енді маған көрінбегін (3,130).