ГҮЛДІ

lat: GÚLDİ

сын. 1. Гүл өскен, гүл атқан .

Өмірдің гүлді көктемі,

Өсе алмай күзде қуарар.

Білінбес жылжып өткені,

Сарқылып әлі-ақ суалар (1,42).

О, гүлді алқап, неғылған байтақ едің?

Төсіңе ал да, жырымды шайқа менің.

Шарт буынып, шалғымды қолыма алсам,

Шабытымды сонда бір байқар едің (1,305).

2. Гүлдің суреті салынған (мата).

Тұсында заманы өткен көнетоз түскиіздер.

Бір кереуетке гүлді қызыл шыттан шымылдық құрып қойыпты, ұнасымсыз (4,130).