қой төсін тік бұрыштап шабады, қабырға сүйектерін ажыратып алады, одан соң төсті ептеп ұрғылайды, тұздайды, бұрыш, ұсақтап кесілген сарымсақ себеді. Қабырғаның ұшын жаппай орап, артынша жіппен байлайды. Кішкене сорпа қосып, дайын болғанша бұқтырады. Қабырғаны әкелерде бөлікке 1—2 тіліктен қабырға сүйекшелерімен кеседіде, көкөніспен (қияр, қызанақ) және капуста салатымен гарнирлейді. Салат үшін капустаны ұзыншалап бейімдейді де, ыдысқа салады, тұздайды, сірке суын құяды, ол жұмсарғанға дейін үздіксіз араластыра отырып жылытады, одан кейін салқындатады, сәбізді ұзыншалап кесіп, пияз, қант қосады да, үстінен өсімдік майын құяды.