Химиялық бақылау посты

lat: Hımıalyq baqylaý posty

әск. Радиациялық және химиялық, биологиялық (бактериологиялық) жағдайды бақылау органы.

Химиялық бақылау постының құрамына арнайы даярланған бөлімнің (ұрыстық машиналар экипажының) жеке құрамы тағайындалады. Химиялық бақылау посты екі, үш бақылаушыдан тұрады, оның біреуі басшы болып бекітіледі. Химиялық бақылау постында радиациялық және химиялық барлаудың бақылау аспаптары, ірі масштабтағы карта немесе жергілікті жер нобайы, бақылау журналы, байланыс және радиоактивті, химиялық, биологиялық (бактериялогиялық) зақымдар туралы хабарландыру белгілерін беру құралдары болу керек (Қаз. тілі термин. Әскери.).