Химиялық қару

lat: Hımıalyq qarý

әск. Улағыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, жабдықтар, қару-жарақтар.

Химиялық қару қарсыластың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналады, сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әртүрлі тыл объектілерін улау үшін де қолданылуы мүмкін (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Химиялық қарудың тиімділігі көбіне-көп метеорологиялық жағдайларға, жер жағдайына байланысты болады (Қаз. тілі термин. Әскери.).