lat: Hımıalyq tazalaý
хим. Мамандандырылған кәсіпорындарда киім-кешектердегі дақтарды кетіру мен жалпы кірден тазартудың күшті әрекетті органикалық ерітінділер қолданылатын әдісі.
Мұндай ерітінділер қатарында хлорланған көмірсутектер (көпшілік жағдайда тетрахлорэтилен) пайдаланылады. Өте-мөте уытты болғандықтан, бұл ерітінділер химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін қауіпті (Қаз. тілі термин. Экология.).
Пайдаланылатын ерітінділер канцорогенді заттектер болғандықтан, химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін обыр ауруына душар болу қатері төнеді (Қаз. тілі термин. Экология).