lat: HABARSHY
зат. Екі ел, екі ауыл, ру арасына қатысты оқиғаларды жеткізуші ресми адам. Хабар әкелуші, хабар беруші, хабарлаушы.
Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті (М.Әуезов, Абай жолы).
Хабаршының сөзіне қарағанда, Шолпанның қалың малы төленбесе аяғы барымтаға айналатын түрі бар сияқты (А.Хангелдин, Қараторғай).
// Белгі беретін, хабар беретін.
Балауса жоқ, балғын жоқ тербетуге,
Тербеледі қияқтар желмен түнде.
Қызылыңкүрең қоржынын толтырып ап,
Хабаршы күз жортып жүр жер бетінде (М.Мақатаев, Шығ.).