ХАКЕР

lat: HAKER

зат. 1. Ешқандай құқығы жоқ болса да жүйелі программалық жасақтамаға өзгеріс енгізуге әрекет жасайтын адам.

Xакер деп айтарлықтай пайдалы немесе пайдасы аз, өзі нашар құжатталған және кейде қажетсіз нәтиже тудыратын қосалқы программа даярлайтын программашыны айтуға болады (Қаз. тілі термин. Информатика.).

Есептеу желілерінің дамуына байланысты банктердегі немесе мемлекеттік үлестірілген есептеу желілеріндегі мәліметтерді қорғау тәсілдерін біліп алуға әрекеттенетін хакерлер шыға бастады (Қаз. тілі термин. Информатика.).

2. Басқалардың файлдарындағы мәліметтерді өзгертетін компьютерлік бұзақы.

3. Компьютермен және программамен әртүрлі тәжірибелер жасап, толық игеріп, кейде ешбір мақсатсыз-ақ оның мүмкіндіктерінің қыры мен сырын ұғып, шарықтау шегінде жұмыс істейтін, содан ләззат табатын білімқұмар адам.